Инвестицияға деген қызығушылықтан нақты жобаларға дейін: Қазақстан China Mining 2026 көрмесінде
10–11 қыркүйекте Тяньцзинь қаласында Қазақстан тау-кен палатасы China Mining 2026 көрмесі аясында бірден екі маңызды іс-шараны — Kazakhstan Mining алғашқы бірлескен стендінің салтанатты ашылуын және Kazakhstan Day өткізді.
Kazakhstan Mining стендін Қазақстан тау-кен палатасы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, RG Gold және Zijin Mining компанияларының қолдауымен ұйымдастырды. Бір алаңда қазақстандық тау-кен өндіру және геологиялық барлау компаниялары, салалық ұйымдар мен перспективалы жобалар бас қосты.
Бірінші күн: Kazakhstan Mining өз есігін ашты
Стендтің салтанатты ашылуы 10 қыркүйекте өтті. Рәсімге ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, Қазақстан тау-кен палатасының Президенті Руслан Баймишев және ҚХР Табиғи ресурстар министрі Лю Гохун қатысты. Кейін стендке ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Вице-премьері Хэ Лифэн келді.
Стенд бірден көрменің назар аударарлық нүктелерінің біріне айналды: оған қытайлық және халықаралық бизнес өкілдері, инвесторлар мен сала қатысушылары келді. Қазақстандық жобалар, ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері және компаниялармен тікелей байланыс орнату басты назарда болды.
Екінші күн: Kazakhstan Day — жобалар мен инвестициялар туралы нақты ақпарат
11 қыркүйекте Палата “Kazakhstan Mining: From Resources to Value Creation” тақырыбында Kazakhstan Day өткізді.
Ашылу сессиясында Министр Ерсайын Нағаспаев пен Палата Президенті Руслан Баймишев сөз сөйледі. Қазақстандағы қытайлық бизнестің жұмыс тәжірибесін RG Gold компаниясының CEO-сы Li Kaiwen таныстырды. Сондай-ақ AMG Ltd. компаниясының негізін қалаушы Саид Султанов пен Haller Lomax серіктесі Тимур Одилов сөз сөйледі.
Жеке сессия нақты инвестициялық мүмкіндіктерге арналды. Қазақстандағы алтын және мыс өндіру, сондай-ақ геологиялық барлау перспективаларымен байланысты Globmine, Teniz және Kemir жобалары таныстырылды.
Екі күн, бір идея: Қазақстан — бұл тек ресурстық база ғана емес, сонымен қатар бүгіннің өзінде жұмыс бастауға болатын нақты жобалар, компаниялар және адамдар.
Қазақстан тау-кен палатасы үшін China Mining көрмесіне қатысу — ең алдымен қазақстандық жобаларды халықаралық капиталмен, технологиялармен және серіктестермен тікелей байланыстыру мүмкіндігі.
Kazakhstan Mining — ашық. Welcome to Kazakhstan!