Skip to content

Абай облысында Қазақстандағы ең ірі өнеркәсіптік жобалардың бірі — KAZ Minerals компаниясының жаңа мыс балқыту зауытының құрылысы басталды. Қазақстан тау-кен палатасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен салтанатты рәсімге қатысты.

 

Ақтоғайдағы жаңа кешенге салынатын инвестиция көлемі 1,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Зауыт жылына 300 мың тонна катодты мыс өндіруге және 1 000-нан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Мыспен қатар кәсіпорында алтын, күміс және күкірт қышқылы өндірілетін болады.

 

Тау-кен өнеркәсібі үшін бұл жоба жаңа зауыт салудан әлдеқайда маңызды. Заманауи металлургиялық қуаттарды дамыту тау-кен өндіруші және геологиялық барлау компаниялары үшін қосымша мүмкіндіктер ашады, ел ішіндегі шикізатты өңдеуді дамытуға және сыртқы нарықтар мен геосаяси шектеулерге тәуелділікті азайтуға ықпал етеді.

 

Осы ауқымды жобаны іске асыруға Палатаның басқа да мүшелерінің қатысып жатқаны ерекше қуантады. Атап айтқанда, бұрғылау-жару жұмыстарына Interrin және Orica компаниялары тартылған, ал Xcalibur аэрогеофизикалық қызметтер көрсетеді.

 

Қазақстан тау-кен палатасы KAZ Minerals компаниясының инвестицияларын және жаңа өңдеу қуаттарының дамуын құптайды. Мұндай жобалар геологиялық барлаудан бастап дайын өнім өндіруге дейінгі бүкіл саланың бәсекеге қабілеттілігін нығайтады.