Инвестиция сенімнен басталады: Палатаның MINEX Kazakhstan 2026 ашылу күніне қатысуы
MINEX Kazakhstan 2026 көрмесінің алғашқы күні Қазфқстан тау-кен палатасы үшін шынымен жемісті болды. «Реттеушілермен диалог: реттеу мен инвестиция арасындағы тепе-теңдікті сақтау» атты стратегиялық сессияда саланың басты мәселесі талқыланды: ұлттық мүдде мен елдің капитал үшін тартымдылығы арасындағы тепе-теңдікті қалай сақтау. Палатаның президенті Руслан Баймишев негізгі баяндамашылардың бірі болып, қарапайым әрі маңызды бір жайтты айтты: инвесторлар әрдайым өз инвестицияларының көлемімен «дауыс береді», ал егер юрисдикцияға деген сенім төмендесе, бұл инвестициялық белсенділікке бірден әсер етеді.
Кейін Руслан Баимишев Палатамен бірлесіп ұйымдастырылған «Қазақстанның жаңа минералдық дәуіріндегі ашылымдарды кеңейту» атты инвестициялық сессияға төрағалық етті. Іс-шарада Палата мүшелері сөз сөйлеп, елде геологиялық барлаудың жаңа толқынын тудырып жатқан Arras Minerals, Aurora Minerals Group, FQM және тағы 10 компанияның жобалары таныстырылды. Ашылымдарды кеңейту бойынша нақты өмірлік мысалдарды талқылау өте пайдалы болды.
Палата үшін мұндай форумдарға қатысу салалық диалогтың сапасына тікелей әсер етуге, мүшелерінің мүддесін ілгерілетуге және Қазақстанда тау-кен өнеркәсібі юрисдикциясы ретінде халықаралық сенімді нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, форумның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өткіміз келеді: MINEX тағы да нарықтың жетекші ойыншыларын біріктіріп, саланың болашағы туралы адал, кәсіби пікірталасқа дұрыс жол белгіледі. MINEX Kazakhstan 2026.