Skip to content
Палата мүшелерінің жалпы саны — 54
Ірі — 12
Орта — 18
Қауымдастырылған — 24

Палата мүшелерінің тізімі

Санат:
ALS Global
Кірген күні: 30.04.2026 Қауымдастырылған

ALS Global

ALS Global - тау жыныстарын, минералдарды және геологиялық барлау материалдарын талдау саласында 50 жылдан астам тәжірибесі бар халықаралық геохимиялық зертхана. Қазақстандағы ALS зертханалары Қазақстан мен Орталық Азияның тау-кен өндіру және геологиялық барлау компаниялары үшін талдамалық және сервистік қызметтер көрсетеді.
ALS Global Қазақстанда, Канадада, Австралияда, Перуде, Чилиде, Мексикада, Оңтүстік Африкада, Моңғолияда және әлемнің басқа елдерінде зертханалар мен сервистік орталықтардың кең халықаралық желісіне ие, жобаларға бірыңғай сапа стандарттары мен жаһандық қолдауды қамтамасыз етеді.
Қазақстандағы ALS жұмысының негізгі бағыттарына мыналар жатады:
* кернге сынама дайындау және аралау;
* ұнтақ сынамаларын жедел талдау (pXRF);
* TerraSpec минералогиялық талдауы;
* AAS/ICP-AES әдісімен сынама және көп элементті талдау;
* кернді суретке түсіру және цифрландыру;
* QA/QC сапасын бақылау;
* сынамаларды сақтау және сүйемелдеу.
Барлық процестер ISO 9001:2015 және ISO/IEC 17025 халықаралық сапа стандарттарына сәйкес орындалады. Әрбір үлгі LIMS жүйесі және жеке штрих-код арқылы бақыланады, бұл нәтижелердің толық қадағалануы мен сенімділігін қамтамасыз етеді.
ALS сонымен қатар тұтынушыларға WebTrieve™ сандық платформасы арқылы деректер мен нәтижелерге қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік береді.
ALS Kazakhstan зертханалары заманауи жабдықтармен жабдықталған және геологиялық барлау жобалары үшін талдамалық қызметтердің жоғары жылдамдығын, дәлдігін және халықаралық деңгейін қамтамасыз етеді.

Qingdao Dinghai Supply Chain Management Co., Ltd.
Кірген күні: 11.08.2026 Қауымдастырылған

Qingdao Dinghai Supply Chain Management Co., Ltd.

Qingdao Dinghai Supply Chain Management Co., Ltd. – минералдық шикізаттың халықаралық саудасы және тау-кен өнеркәсібіне трансшекаралық инвестициялар саласында маманданған халықаралық компания. Компания сондай-ақ тау-кен жобаларына үлестік инвестициялау бағыттарын белсенді түрде дамытып келеді.
Тау-кен өнеркәсібіне мамандандырылған қорлардың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, CDHM Орталық Азиядағы минералдық ресурстарды игеру бойынша жаңа мүмкіндіктерді тұрақты түрде зерттейді. Компания тау-кен өндірісінің барлық құн қалыптастыру тізбегіне белсенді қатысуға, өндіруден бастап өңдеу мен өткізуге дейінгі кезеңдердегі ресурстарды интеграциялауға және өңірде ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарды дамытуға ұмтылады.
Тұрақты даму және жер қойнауын заңнама талаптарына сәйкес пайдалану қағидаттарын басшылыққа ала отырып, CDHM кешенді салалық қолдау қызметтерін ұсынуға және Орталық Азияның тау-кен нарығының тұрақты дамуына үлес қосуға ұмтылады.

Tenet
Кірген күні: 02.09.2026 Қауымдастырылған

Tenet

Tenet – «Үлкен төрттік» (Big Four) компанияларының бұрынғы серіктестері негізін қалаған халықаралық көпсалалы консалтингтік компания. Біз клиенттеріміз үшін нақты өлшенетін құндылық қалыптастыруға ұмтыламыз және M&A және мәмілелерді сүйемелдеу, құқықтық және салықтық консалтинг, ESG, forensic, тәуекелдерді басқару және Big Four жетекші компаниялары дәстүрлі түрде ұсынатын басқа да кәсіби қызметтерді ұсынамыз.
Tenet компаниясының негізгі мамандарының 20 жылдан астам кәсіби тәжірибеге ие. Біз энергетика, металлургия және тау-кен өнеркәсібі, банк секторы, сақтандыру, көлік және инфрақұрылым, технологиялар және басқа да салаларды қоса алғанда, әртүрлі индустриялардағы күрделі жобалар бойынша клиенттерге консультациялық қолдау көрсетеміз.
Tenet Group GCC елдерінде, Орталық Азияда және Балқан өңірінде қызмет атқарады және БАӘ, Сербия, Түркия және Қазақстанда кеңселеріне ие. Біздің команда әртүрлі елдерде, атап айтқанда Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Африка нарықтарында жобаларды іске асыру бойынша мол тәжірибеге ие және жергілікті әрі халықаралық клиенттермен жұмыс істейді.

SLR Consulting
Кірген күні: 14.09.2026 Қауымдастырылған

SLR Consulting

SLR Consulting – тұрақты даму саласындағы жаһандық көшбасшы. «Тұрақты дамуды жүзеге асыру» миссиясын басшылыққа алады. Біз – әлемнің 127 елінде 140-тан астам кеңсесі бар 5 000-нан астам ғалым, инженер және кеңесшіден тұратын халықаралық командамыз . Тау-кен секторы үшін біз жобаның барлық кезеңдерінде – барлау және ТЭН-ден бастап, әлеуметтік-экологиялық әсерді бағалау, рұқсат құжаттарын алу және кен орнын жабуға дейінгі кешенді техникалық кеңес беру қызметтерін ұсынамыз. Біз қаржы институттары мен тау-кен компанияларының сенімді серіктесі бола отырып, тәуелсіз техникалық аудит және шикізатты жауапты сатып алу сараптамасы қызметтерін ұсынамыз . Біз Алматыдағы кеңсеміз арқылы Қазақстан мен Орталық Азиядағы тау-кен жобаларын дамытуға қолдау көрсетуге, клиенттерге күрделі экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге көмектесуге ұмтыламыз.