Event: Round Table Discussion on the Current Investment Situation in the Mining Industry of Kazakhstan
Type: B2G, Members Event Participants: Ministry of Industry, Economy, Tax Authorities
2024 жылдың 23 қыркүйегінде Қазақстанның Тау-кен Палатасында мемлекеттік органдардың өкілдері мен Палата мүшелерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шара «сұрақ-жауап» форматында болды.
Мемлекеттік органдар атынан Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрі К. Шарлапаев, Геология комитетінің төрағасы Е. Акбаров, Минералды ресурстарды пайдалану департаментінің директоры А. Кушумов және «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамының төрағасы Е. Галиев сөз сөйледі. Олар мемлекеттік басқарудағы негізгі тенденциялармен бөлісті.
Инвесторлармен ашық диалог барысында К. Шарлапаев мырза министрліктің салық заңнамасының реформасы, жаңа лицензиялар бойынша роялти практикасын енгізу перспективасы, салалық заңнамадағы жоспарланған өзгерістер және инвесторлар мәселелерін шешу бойынша министрліктің позициясын түсіндірді.
Сондай-ақ, министрлік қызметкерлері геологиялық барлау жүргізу үшін мемлекеттік қорды басқару бағдарламасына жаңа 3,5 мың блокты енгізу туралы шешім қабылданғанын және, аукцион өткізілетін кен орындары туралы ақпарат ҰГК сайтында қолжетімді екенін хабарлады. Оған қоса, Одан бөлек, Палата мүшелеріне Minerals.gov.kz платформасында 25 функцияны автоматтандыру жоспарланып отырғаны туралы ақпарат берілді. Бұл, сондай-ақ, басқа мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялау арқылы өтінімдерді қарауды оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Министрлік инвесторлар мәселелерін шешуге бағытталған заңнама пакеті жөнінде жұмыстар жүргізуде. Заң жобасын Парламентке 2024 жылғы желтоқсанда енгізу жоспарланып отыр.
Осындай жұмыс ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамалары аясында да жүргізілуде.
Талқылау барысында бизнес өкілдері геологиялық барлау үшін шектеулері бар аймақтар туралы қолжетімді ақпараттың жоқтығы, лицензияларды қайтарумен байланысты қиындықтар мен жер мәселелері секілді инвесторлардың проблемаларына назар аударды. Сонымен қатар, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының басым құқықтарын қайтару жөніндегі бастамаларға қатысты алаңдаушылық, салық тұрақтылығы және роялтиге өту мәселелері талқыланды. Геологиялық ақпарат алу мәселесіне қатысты туындаған проблемаларды «Ұлттық геологиялық қызмет» акционерлік қоғамының төрағасы Е. Галиев 2024 жылдың 27 қыркүйегінде жеке жұмыс кеңесінде талқылауды ұсынды.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары саланың инвестициялық климатын жақсарту үшін пікірталастарды жалғастыру қажеттілігін бір ауыздан қолдады. Қаржы, бюджеттік жоспарлау, салық салу, ауыл шаруашылығы және экология салаларынан басқа мемлекеттік органдарды тарту арқылы бірлескен жұмыс топтары аясындағы жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Индустрия және құрылыс министрі К. Шарлапаев үш айдан кейін Қазақстанның Тау-кен Палатасы алаңында істелген жұмыстың нәтижелерін шығару және жаңа міндеттер қою үшін кездесу ұйымдастыруды ұсынды.