Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың «Қазақстан Тау-кен Палатасы» қауымдастығының мүшелерімен кезекті кездесуі
Кездесу Палатаның офисінде өтті, мекенжайы: Астана, Тұран даңғылы 30А, 5-қабат.
2025 жылғы 24 ақпанда Астана қаласында «Қазақстандық Тау-кен Палатасы» (әрі қарай – Палата) мүшелерінің Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың кезекті кездесуі өтті.
Палата отандық және шетелдік инвесторлардың өкілі болып табылатын 45 компанияны біріктіреді. Жер қойнауын пайдалану саласындағы реформадан кейін Қазақстанға еліміздің геологиялық ресурстарын зерттеуге елеулі үлес қосқан ірі және кіші халықаралық компаниялардың келгенін ерекше атап өткен жөн.
Министр жеке инвестициялар мен геологиялық барлауда заманауи технологияларды енгізудің маңызды рөлін атап өтті.
Ашық диалог барысында Қанат Шарлапаев пен Палата мүшелері халықаралық есептілік стандарттарын, салық салуды дамыту және инвестициялық климатқа әсер ететін мәселелерді талқылады.
Министр жер қойнауын пайдалану саласындағы реформаларды жалғастыру және Қазақстанның геологиялық саласын одан әрі дамыту үшін Палатамен белсендірек ынтымақтастық қажеттігін атап өтті.
“Қазақстандық Тау-кен Палатасы” Қауымдастығы