China Mining 2026-дағы Kazakhstan Day
2026 жылғы 10–12 қыркүйекте Қазақстан тау-кен палатасы геология, минералдық ресурстар және тау-кен өнеркәсібі саласындағы ірі халықаралық алаңдардың бірі — Тяньцзиньдегі 28-ші China Mining Conference and Exhibition-ға қатысады. 2026 жылы China Mining ұйымдастырушылары конференцияның халықаралық құрамдас бөлігін күшейтуді және әлемнің жетекші ресурстық елдері өкілдерінің қатысуымен Министрлер форумының форматын кеңейтуді жоспарлап отыр. Конференцияның негізгі назары геология және минералды ресурстар саласындағы практикалық ынтымақтастыққа бағытталатын болады. Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі қытай тарапынан конференция мен Министрлер форумына қатысуға ресми шақыру алды.
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің шешімі бойынша Қазақстан тау-кен палатасы China Mining 2026 шеңберінде Kazakhstan Day ресми ұйымдастырушысы болып белгіленді. Kazakhstan Day 11 қыркүйекте сағат 09:00-ден 10:30-ға дейін № 215 залда өтеді. ҚР ӨҚМ, Қазақстан Республикасының Қытайдағы елшілігі өкілдерінің, жетекші қытай инвесторларының және палата мүшелері – тау-кен өндіруші компаниялардың қатысуы күтілуде. Бағдарламаның ортасында — Қазақстанның тау-кен өндіру секторының инвестициялық мүмкіндіктері мен перспективалық жобалары, сондай-ақ қытайлық инвесторлармен және компаниялармен ынтымақтастықты дамыту.
2025 жылы Палата алғаш рет China Mining-те Kazakhstan Day ұйымдастырды. Өткен жылдың табысты тәжірибесі қытайлық тау-кен қауымдастығының Қазақстанға деген қызығушылығын көрсетті. 2026 жылы Палата осы форматты дамытуды және Қазақстанның China Mining-ке жүйелі қатысуын нығайтуды жалғастыруда.
Көрме аясында Қазақстанның тау-кен металлургия кешенінің көшбасшы компанияларын біріктіретін Kazakhstan Mining бірыңғай стенді ұсынылады. Стенд компаниялар мен жобаларды таныстыруға, іскерлік кездесулер мен қытайлық және халықаралық серіктестермен келіссөздер жүргізуге арналған алаңға айналады.
Kazakhstan Day және Kazakhstan mining стендінің бас демеушісі — RG Gold.
Қазақстан тау-кен палатасы компаниялар мен сала өкілдерін China Mining 2026-дағы қазақстандық делегацияға қосылуға, Kazakhstan Day-ге қатысуға және өз жобаларын Kazakhstan Mining стендінде ұсынуға шақырады.
Қосымша ақпарат және қатысу форматтары:
info@chamberofmines.kz