PDAC 2026 аясында Қазақстанның позициясы нығайды.
2026 жылғы 1 наурызда Канаданың Торонто қаласында PDAC 2026 аясында Қазақстан күні өтті. Биылғы шара шынымен ерекше болды. Алғаш рет Қазақстан Тау-кен Палатасы (Kazakhstan Chamber of Mines) Қазақстан күнінің ресми ұйымдастырушысы ретінде әрекет етті — және нәтижеге қарағанда, дебют зор табысқа жетті.
PDAC бағдарламасының тығыздығына және бір уақытта өтетін ондаған шараларға қарамастан, Қазақстан күні шамамен 130 қатысушыны жинады. Залы лық толы болды; іс-шара халықаралық аудиторияның зор қызығушылығын тудырып, инвесторлар мен сала өкілдерінен оң пікірлер алды. Инвесторлар, кіші және ірі компаниялар, геологтар мен технологиялық провайдерлер Қазақстандағы барлаудың жаңа толқынын талқылау үшін жиналды.
Пленарлық отырысында сөз сөйлеген баяндамашылар:
• Руслан Баймишев, Қазақстан Тау-кен Палатасының президенті
• Даулетбек Қусайынов, Қазақстан Республикасының Канададағы елшісі
• Иран Шархан, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі
Руслан Баймишев іс-шараның бағытын анықтады:
«Реформалармен, халықаралық серіктестік және мыс пен басқа металдарға әлемдік сұраныстың өсу қарқынымен Қазақстан геологиялық барлаудың жаңа толқынына кіріп жатыр».
Нақтыласақ,
«Қазақстандағы жаңа ашылымдар әлеуетін ашу» сессиясы сала көшбасшылары мен әлемдік деңгейдегі сарапшыларды біріктірді: Тим Барри (Arras Minerals), Чарли Лю (Zijin Mining), Саймон Купер (Pallas Resources), Саид Сұлтанов (AMG Ltd), Андрес Бланко (Xcalibur Smart Mapping), Анна Фонсека және профессор Джеффри Хеденквист.
Бағдарламаның екінші бөлімінде жобалар мен инвестициялық мүмкіндіктерге арналған презентациялар өтті. AMG Ltd, Когадыр Голд, Таскора и Музбель компанияларының портфолио жобалары таныстырылды. Талқылау гипотетикалық әлеуетке емес, нақты учаскелерге, деректерге, ауқымға және ашылу кезеңіне жету стратегияларына бағытталды.
Тим Барри (Arras Minerals) жалпы көңіл-күйді ерекше жақсы қорытындылады: «Қазақстан Канадалық кіші компанияларға жаңа юрисдикцияларға кіруге бірегей мүмкіндіктер ұсынады — ал болашақ жарқын».
Қазақстан күні басты жайтты атап көрсетті: Қазақстан енді тек «үміт күттірер юрисдикция» ретінде ғана емес, сонымен бірге жаңа ашылымдар циклі қалыптасып жатқан аймақ ретінде қарастырылуда. Мүмкін, дәл осы жерде мыс саласындағы келесі ірі табыс тарихы туындайды.
KZ DAY серіктестеріне ерекше алғыс.
Жалпы демеушілер: Aurora Minerals Group, NAC Kazatomprom, Pallas Resources
Демеушілер: Arras Minerals, TauGold Copper